Ол бұл туралы өзінің
X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Бұған дейін Anthropic
компаниясының бас директоры Дарио Амодеи бұрынғы қауіпсіздік қатерлеріне
байланысты жасанды интеллекттің дамуын уақытша баяулатуға шақырған болатын.
Маск бұл ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Kazinform.
Кәсіпкер 2014 жылы
жариялаған жазбасына жауап ретінде «Он екі жыл бұрын» деп жазды. Сол кезде ол
жасанды интеллекттің ықтимал қаупі ядролық қарудан да жоғары болуы мүмкін
екенін ескерткен еді.
Жасанды интеллекттің қарқынды дамуына басқа да
мамандар алаңдаушылық білдіруде. Anthropic зерттеушісі Жейкоб Коксон технологиялық жарыс әлемді
«қайтарымсыз нүктеге» жақындатып келе жатқанын және 2027 жылдың соңына қарай аса
қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін айтып, осы саладан кететінін мәлімдеді.