Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға
артқан.
Сыртқы сауда айналымының көлемі:
Экспорт – 15,9 млрд АҚШ доллары (-8,8%)
Импорт – 25,1 млрд АҚШ доллары (+21%) құрады.
Алтынды есепке алмағанда тауар экспорты 8,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7 пайызға өсті.
Осы кезеңде Өзбекстан әлемнің 195 мемлекетімен сауда байланыстарын жүзеге
асырды.
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы ең жоғары үлес Қытайға (23,1%), Ресейге
(17,1%), Қазақстанға (6,8%), Түркияға (3,4%) және Ауғанстанға (2,6%) тиесілі
болды.