Облыста ауа температурасының 42–44°С-қа дейін
көтерілуі салдарынан асфальт-бетон қаптамасының температурасы 70–75°С-қа дейін жетіп, жол қаптаманың
жүк көтеру қабілеті төмендейді. Соның нәтижесінде ауыр жүк көліктерінің
қозғалысы жол қаптамында доңғалақ іздерінің пайда болуына, деформациялар мен
басқа да техникалық ақаулардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Жолдардың бүлінуі мен түрлі деформациялардың алдын
алу мақсатында Қаршы қаласында, аудан орталықтарында және оларды байланыстыратын барлық
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы әр
күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін уақытша шектеледі.