Онда мәлімделгендей, санақтың алдын ала қорытындысы бойынша ел халқының саны 39 миллион 47 мың 321 адамды құрады.

Айта кету керек, ағымдағы статистикалық есептеулерге сәйкес халық саны 38 миллион 236 мың 704 адам деп бағаланған болатын. Санақ нәтижелері бұл көрсеткіштен 810,6 мың адамға көп екенін көрсетті.

Сондай-ақ баспасөз конференцияда Өзбекстан халқының саны 1989 жылы өткізілген соңғы халық санағының нәтижелерімен салыстырғанда екі есеге өскені атап өтілді.

Халық пен ауыл шаруашылығын тіркеу шарасының алдын ала нәтижелеріне сәйкес, Өзбекстан аумағында 1 жылдан астам уақыт бойы тұрып жатқан 56 860 шетелдік азамат тіркелген.

Соның ішінде 19 300 адам Ташкент қаласында тұрады.

Бұл туралы қазіргі уақытта өтіп жатқан халық пен ауыл шаруашылығын тіркеу шарасының алдын ала нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында хабарланды.

Тіркелген шетелдік азаматтар мемлекеттер бөлінісінде төмендегідей:

Үндістан — 13 312 адам;

          Ресей Федерациясы — 10 826 адам;

Қазақстан — 9 425 адам;

Тәжікстан — 5 722 адам;

Түрікменстан — 5 347 адам;

Қырғызстан — 4 397 адам;

Пәкістан — 1 433 адам;

Қытай — 1 031 адам;

Түркия — 811 адам;

Корея Республикасы — 691 адам;

Басқа мемлекеттер — 3 865 адам.