Денсаулық
сақтау министрі Элдор Адилов Ташкент халықаралық инвестициялық форумына келген Өзбекстан
– Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ,“ACWA” компаниясының басқару
төрағасы Мухаммад
Абунайян және “Vision International
Investment Company”
компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Омар Ал-Мидани
басшылығындағы делегациямен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында өзара ынтымақтастық байланыстарын одан әрі
кеңейту және бірлескен жобаларды жеделдету мәселелері талқыланды.
Атап
өтілгендей, Президентіміздің тиісті қаулысына
орай Ферғана облысында
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде
800 орындық заманауи көпсалалы аурухана салу жоспарлануда.
Бұған дейін министрлік пен тендер жеңімпазы болған
жекеменшік серіктес — Сауд Арабиясының «Vision International Investment
Company» және
Өзбекстанның «KOS Construction Mekanik Elektrik
Fe LLC» компанияларынан құралған консорциум арасында қол қойылған келісім
аталған жобаны іс жүзінде жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болды.
Жаңа көпсалалы мекеме аумақтағы қазіргі жұмыс істеп тұрған бес мамандандырылған
орталық филиалын бірыңғай кешенге біріктіреді.
Ол Ферғана және оған шектесіп жатқан облыстардың, сондай-ақ көршілес республикалардың
тұрғындарына кардиохирургия, нейрохирургия, ағзаларды трансплантациялау,
нефрология, ортопедия және басқа да бағыттар бойынша халықаралық стандарттарға
сай медициналық қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ кешен құрамында 160 орындық интенсивті
терапия және шұғыл медициналық көмек бөлімдері, сондай-ақ барлық қосалқы
клиникалық қызметтер қарастырылған.
Бұдан тыс, жоба аясында мұнда мейірбикелер даярлайтын
мектеп, медицина университеті және қонақүй салу арқылы медициналық білім беру,
ғылым және тәжірибені ұштастыратын заманауи “Фергана Плус” медициналық білім беру кластері
құрылмақ.
Кездесу барысында аталған медициналық білім беру
кластерін құру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.
Тараптар бұл жоба Өзбекстан мен Сауд Арабиясы
арасындағы жан-жақты серіктестік пен достық қатынастарды одан әрі нығайтып қана
қоймай, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеретініне
сенім білдірді.