Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге орай, сот істерін шешуге араласу, яғни белгілі бір істің жан-жақты, толық әрі бейтарап қаралуына кедергі келтіру немесе әділетсіз үкім, шешуші қаулы, ұйғарым немесе қаулы шығарылуына қол жеткізу мақсатында судьяға немесе халық кеңесшісіне  түрлі формада заңға қайшы түрде  ықпал ету,— 3 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тарту немесе 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске сот ғимаратында тәртіп бұзу түрінде сотты құрметтемеушілік жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын белгілейтін толықтыру енгізілді.

Қолданыстағы редакцияда тек сот отырысы кезінде тәртіп бұзудан көрініс тапқан сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік белгіленген болатын.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.