Алдын ала зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қосалқы станциядағы 110 кВ электр желісінде техникалық ақау туындаған. Соның салдарынан «Ташкент ИЕМ»-дегі екі газ турбиналық қондырғы жалпы 60 МВт қуатпен өшкен.

Нәтижесінде Ташкент қаласының Яккасарай, Шыланзар, Миробод және Учтепа аудандарындағы, сондай-ақ Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы 55 мың тұтынушы, сонымен бірқатар шағын өндірістік өнеркәсіпорындары электр энергиясынсыз қалды.

Жедел апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде:

21:50-де Яккасарай, Шыланзар және Учтепа аудандарындағы 90 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді;

29 маусым күні сағат 00:08-де Миробод ауданындағы 50 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен қамтылуы қалпына келтірілді;

00:09-де Яккасарай және Шыланзар аудандарындағы тағы 8 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен қамтылуы қалпына келтірілді;

00:25-те Шыланзар ауданы мен Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы 55 МВт жүктемедегі тұтынушылардың электрмен қамтылуы толық қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта Ташкент қаласының Шыланзар ауданындағы 2 МВт жүктеме бойынша электрмен қамту қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.