Бұл туралы «Дунё» ақпарат агенттігі хабарлады.

 

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 04:20-да әуе тасымалдаушының “Airbus A320” ұшағы Ташкенттен Карачиге ұшып келді. Дәстүр бойынша әуе кемесін Карачи халықаралық әуежайында су аркасы арқылы салтанатты түрде қарсы алды.

 

Қарсы алу рәсіміне Синд облысының басшылығы мен жергілікті үкімет өкілдері, Карачи қаласындағы дипломатиялық корпус мүшелері, Синд туризмді дамыту корпорациясының, туроператорлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Синд облысы үкіметінің өкілдері жаңа әуе рейсін Өзбекстан мен Пәкістан халықтарын одан әрі жақындастыру, туристік алмасуды кеңейту және іскерлік байланыстарды дамыту жолындағы маңызды практикалық қадам ретінде бағалады.

 

Шара аясында Өзбекстан елшілігі мен “Centrum Air” басшылығының қатысуымен Карачи халықаралық әуежайында баспасөз мәслихаты да өтті.

 

Осылайша, Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы тікелей әуе рейстерінің саны аптасына 8 рейске жетті.