Өзбекстан
Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Отабек Имамов Жапонияның
беделді «Kitahara Group» компаниясының басшысы Сигэми Китахара жетекшілік еткен
делегациямен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында
Өзбекстан мен Жапония арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты
одан әрі дамыту, медицинаның басым бағыттары бойынша тәжірибе алмасу және
болашағы зор бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айтуынша,
«Kitahara Group» профилактикалық, диагностикалық, емдеу, нейрохирургия, шұғыл
медициналық көмек және оңалту қызметтерін бірыңғай жүйе негізінде ұйымдастыруда
мол тәжірибеге ие. Компанияның заманауи ауруханалар құрудағы халықаралық
тәжірибесі Өзбекстан үшін де үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Осыған
байланысты компанияның Ташкент қаласында заманауи жекеменшік көпсалалы аурухана
салу және инновациялық тәсілдер негізінде оңалту қызметтерін жолға қою
жөніндегі бастамасы қолдап-қуатталды.
Кездесу
барысында сондай-ақ компанияның инсульттен кейінгі қалпына келтіру,
нейрореабилитация, науқастарды емдеу және ауруханадан кейінгі күтім көрсету
саласындағы тәжірибесін Өзбекстанда енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Мәлім
болғандай, «Kitahara Group» қолданатын заманауи оңалту әдістерінің нәтижесінде
инсульт алған науқастардың 77 пайызы бір айдың ішінде айтарлықтай қалпына
келеді.
Тараптар
аталған озық тәжірибені елімізде енгізу болашақтарын және осы бағытта жүзеге
асырылуы тиіс іс-шараларды талқылады.