Хабарларға орай, АҚШ көшбасшысы бұл пікірін Fox News телеарнасының журналисті Лора Ингрэмге берген сұхбатында білдірген.

«Бұл сайлаудан кейін бірден аяқталуы керек», — деді Трамп. «Ол [сайлаудан] алдын да  аяқталуы мүмкін, бірақ менің ойымша, бұл дәл сайлаудан кейін болады».

Сонымен қатар  Ақ үй басшысы Иранға қарсы әскери операция бастау туралы қабылдаған шешіміне еш өкінбейтінін атап өтті.

«Жоқ. Мен “өкіну” деген түсінікті мойындамаймын. Егер мұны қайтадан жасауға тура келсе, дәл сол әрекетті жасар едім», — деп жауап берді Трамп осы мәселе бойынша қойылған сұраққа.

Конгреске аралық сайлау 3 қарашаға белгіленген. Сайлау барысында сайлаушылар Сенаттың 100 мүшесінің 33-ін және Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін сайлайды, деп хабарлады Report.az.