Гроссмейстер Даниэль Народицкийдің
құрметіне арналған жарыстың рапид бағытында Синдаров 7
партиядан 6 ұпай жинады. Тай-брейкте Үндістан өкілі Аравинд Читамбарамды жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.
Ол блиц бәсекесінде де сәтті өнер көрсетіп, 9 партияда 7,5 ұпай жинап,
турнир жеңімпазы болды.
Осылайша, Жавохир Синдаров Даниэль Народицкийдің құрметіне ұйымдастырылған
турнирдің екі бағытында да чемпион атанды.
Шахматшы екі бағыттағы жеңісі үшін жалпы көлемі 9 мың АҚШ доллары
мөлшерінде сыйақы алды. Оның ішінде блиц турниріндегі чемпиондығы үшін 6 мың
АҚШ доллары табысталды.
Еске сала кетейік, 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының басталуына 74 күн
қалды.