Report-тың хабарлауынша, бұл туралы BFMTV телеарнасы мәлімдеген.

«Бұған жауап ретінде көптеген наразылық білдірушілер көше жиһаздары немесе басқа да заттарды алып, полицияға қарай лақтыра бастады», – деп атап өтті телеарна.

Le Parisien басылымының хабарлауынша, бүгін  түрлі қалаларда кемінде 150 адам ұсталған.

Префектураның мәліметінше, Эссон департаментінде 53-ке жуық  жастар ұсталған. Осы операциялар барысында 16 полиция қызметкері мен бір жандарм жарақат алған.

«Олар от атқыштар, миномет снарядтары, түрлі металл заттар және жанғыш құрылғылардың нысанына айналды», – деп жазды басылым.

Бүгін жалғасып жатқан наразылық шерулеріне байланысты 400-ден астам мектеп пен басқа да білім беру мекемесінің жабылуы күтілуде, деп хабарлады report.az.