Сарайға жақындағанда Мемлекет басшысы мен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид отырған көлікті атты құрмет қарауылы қарсы алып, сарайға дейін алып барды.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне зеңбіректен 21 мәрте салтанатты оқ атылды. Сарай алдындағы алаңда құрмет қарауылы сап түзеді.

Мемлекет басшылары мінберге көтерілді. Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Көшбасшылар екі елдің ресми делегация мүшелерімен амандасты.

Салтанатты рәсімнен кейін сарайда жоғары деңгейдегі кездесу басталды.