Кездесу барысында стратегиялық серіктестікті, ең алдымен, отын-энергетика саласында одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Компанияның Өзбекстандағы жобаларының табысты жүзеге асып жатқаны атап өтілді.

Мемлекет басшысы «BlackRock» компаниясымен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, жекешелендіру саласындағы әріптестікті кеңейту, республиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру, қаржы нарығын дамыту, мұнай-химия өнеркәсібіндегі жобаларды ілгерілету және жасанды интеллект технологияларына бірлескен инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 «BlackRock» – активтер мен инвестициялық қорларды басқаруға, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуге маманданған әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі. 2026 жылы компанияның басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 14 триллион АҚШ долларына жетті.