Шолпан-Ата қаласындағы «Ыстықкөл» халықаралық әуежайында оларды Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров жұбайымен бірге қарсы алды.

Мәртебелі меймандардың құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.

Бүгін Мемлекет басшылары келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту және оны жаңа кезеңге көтеру мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысатын болады.