Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту, өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, көлік саласындағы өзара байланыстарды дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру мәселелері қарастырылады.

Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасады.

Саммит қорытындысы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған екіжақты құжаттар топтамасына қол қою жоспарланған.

Сапар бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне және басқа да іс-шараларға қатысады.