Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи Қазақстанды қалыптастыруда, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуда, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы берік достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың бүгінде жоғары қарқынмен дамып келе жатқаны айтылды.