Мәртебелі мейманның құрметіне құрмет қарауылы сап түзеп, Өзбекстан мен Қырғызстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров құрмет қарауылының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Бірлесіп суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.