Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнмен Сеул қаласында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіліп, айрықша стратегиялық серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Ұлттық Ассамблея Спикері Чо Чжон Шик және Премьер-министр Хан Сон Сук, бұдан бөлек Кореяның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесулер өткізілді.
Өзбекстан – Корея бизнес форумы аясында бірлескен жобалар іске қосылып, олардың құрылысы басталды, сондай-ақ ауқымды келісімдер пакетіне қол қойылды.
Мемлекет басшысы алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысып, ынтымақтастықтың бес стратегиялық бағыты бойынша бастамалар көтерді. Өзбекстан Президенті осы форматтағы алғашқы бизнес саммитте де сөз сөйледі.
Сапар аясында Кореяда тұрып жатқан отандастарымызбен кездесулер өткізілді.
Іс-шаралар аяқталған соң әуежайда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен жұбайын Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрі Юн Хо Чжун және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.