Сондай-ақ Мемлекет басшыларының қатысуымен екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті. Атап айтқанда:
– Өзбекстан–Қырғызстан мемлекеттік шекарасының учаскелері туралы шарт;
– «Чашма» бұлағын бірлесіп пайдалану туралы келісім;
– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім;
– Жоғары білім саласындағы кредиттерді өзара тану туралы келісім;
– Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама;
– Азаматтардың өзара сапарлары туралы үкіметаралық келісімге хаттама;
– Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық нысандары туралы келісімге хаттама;
– 2026–2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспары;
– 2026–2027 жылдарға арналған туризм саласындағы бірлескен іс-қимыл жоспары;
– Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Тон ауданында орналасқан «Бостан» пансионаты туралы шарт;
– 2026–2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы практикалық іс-шаралар жоспары.