Қазақстан Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне жаңа табыстар тіледі.
Әңгіме барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайту мәселелері талқыланды.
Тараптар барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, өзара тауар айналымының көлемі ұлғайып, басым салаларда маңызды кооперациялық жобалар ілгерілетіліп жатқаны айтылды.
Мемлекет басшылары өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралардың жоспарын қарастырды.