Сұхбат басында Ресей Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке, сондай-ақ достас Өзбекстан халқының әл-ауқатын арттыру жолындағы қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту және нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Өзара тауар айналымының өсу қарқынын сақтау, басым бағыттарда жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың кооперациялық жобаларын ілгерілету, сондай-ақ екі ел өңірлері арасындағы тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық алмасудың белсенді жалғасып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Өзбекстан мен Ресей Президенттері алдағы екіжақты іс-шаралардың жоспарын да қарастырды.