Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.
Келісім Транспорт министрінің орынбасары Жасурбек Чориев пен Etihad Airways әуе компаниясының бас операциялық директоры капитан Мажед Ал-Марзуки арасында жасалды.
Кездесу
барысында тараптар әуе компаниясының Өзбекстанға тұрақты рейстерін іске қосу
және бағыттар желісін кезең-кезеңімен кеңейту мәселелерін талқылады.
Аталған
рейстер Өзбекстан жолаушыларына Абу-Даби арқылы Еуропа, Азия, Австралия, Африка
және Солтүстік Америкадағы 70-тен астам халықаралық бағытқа ыңғайлы қатынау
мүмкіндігін береді.