Бұл туралы «Узгидромет» хабарлады.
Болжамға орай, 20 сәуір, дүйсенбі күні ел
аумағының басым бөлігінде құрғақ әрі жылы ауа райы күтіледі. Тек Қарақалпақстан
Республикасы мен Хорезм облысында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып,
найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы 24–29 градус шамасында болады.
21–23 сәуір
күндері республика бойынша кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей аумақтарда найзағай байқалады. 21
сәуірде күндізгі температура 24–29 градус болса, 22–23 сәуірде біртіндеп 18–23
градусқа дейін төмендейді.
20–22 сәуір
күндері республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15–20
метрге дейін күшейіп, кей аумақтарда шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.
24 сәуірде Өзбекстанның барлық аумақтарында қайтадан құрғақ ауа райы
сақталып, температура көтеріле бастайды.
Таулы және тау етегіндегі аудандарда уақыты-уақытымен жаңбыр жауады. Сел және су
тасқыны болу қаупі бар.
Ташкентте
дүйсенбі күні жауын-шашын күтілмейді. Сейсенбі күні күннің екінші жартысында
қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. 20–21 сәуір күндері ауа
температурасы 25–28 градус шамасында болады.
22–23 сәуір
күндері уақты-уақтымен жаңбыр
жауып, найзағай байқалады. Күндізгі температура 22 сәуірде 24–26 градус, 23
сәуірде 20–22 градус болады. 24 сәуірде жауын-шашын күтілмейді. Күндізгі
температура 25–27 градусқа жетеді.