Пойыз
құрамында ағашты қайта өңдеу және азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері, сондай-ақ жоғары
қосылған құны бар тауарлар тасымалдануда. Жүктің бір бөлігі Өзбекстан аумағы
арқылы транзитпен Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізіледі.
Пойыз
шамамен 4 000 шақырымды құрайтын бағытты небәрі 7
тәулікте еңсеріп, Беларусь пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы
экспорттық-импорттық жүктердің жедел әрі тиімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Екінші
пойыздың жөнелтілуі жаңа көлік-логистикалық қызметке деген сұраныстың артып
келе жатқанын көрсетіп, Өзбекстан аумағы арқылы өтетін осы бағыттың тиімділігін
тағы бір мәрте дәлелдейді.