Енгізілген қсымшаға сәйкес, экологиялық таза аумақтарда
курорттық табиғи аймақтар мен рекреациялық аумақтар режимінде белгіленген
шектеулер мен тыйымдар, сондай-ақ бір қатар, төмендегілерге де тыйым салынады:
экологиялық жүйелердің тұрақтылығының бұзылуына және
табиғи ландшафттардың көрінісі мен жер асты суларының гидрогеологиялық
жағдайының өзгеруіне алып келетін жұмыстарды жүзеге асыру;
табиғи нысандар мен кешендерге теріс әсер ететін
өнеркәсіп нысандарының құрылысы мен қызметі;
тізімін Министрлер Кабинеті белгілейтін пластик өнімдерді
(табиғи органикалық полимер өнімдерінен тыс) өндіру, өткізу (жеткізу және
сату).
Экологиялық таза аумақтарда мемлекеттік экологиялық
сараптаманың қорытындысы негізінде қорғалатын табиғи нысандар мен кешендерге
теріс әсер ететіні анықталған өзге де қызмет түрлеріне тыйым салынады.
Заң ресми жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң
күшіне енеді.