Тек республиканың кейбір таулы аймақтарында, сондай-ақ 24-25 қыркүйек күндері Ферғана аңғары облыстарының кейбір жерлерінде қысқа мерзімді аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

Ауа температурасы түнде 13-18 градус, күндіз 27-32 градус шамасында болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Жел шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады.

Ташкентте ауа райы қандай болады?

Елордада апта бойы ауа райы аздап бұлтты, кей кезде құбылмалы болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Ауа температурасы түнде 15-18 градус, күндіз 29-32 градус болады. Ал 25 қыркүйек күні күндізгі ауа температурасы 27-29 градус шамасында болады деп күтілуде.

Ташкентте жел шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады.