Сондай-ақ Әндіжан
облысы Пахтаобод ауданында тұратын, 101 жасқа толып отырған ардагер Умарали ата
Атабаевтың да қәлінен хабар алынды.
Кездесулер шынайы
әрі құрмет рухында өтіп, ардагерлермен әңгімелер ұйымдастырылды. Олардың соғыс
жылдарындағы ауыр өмірі, тылдағы жанқияр еңбегі мен жауынгерлік ерлігі ерекше
атап өтілді.
Атап айтқанда,
Одилжон ата Зокировтың өмір жолы ерекше тілге тиек етілді. Ол 1942 жылдың
қыркүйегінде әскери қызметке шақырылып, Украина, Харьков, Белград және басқа
бағыттардағы шайқастарда артиллерия бөлімінде барлаушы ретінде қызмет еткен.
Шаралар
барысында әскери қызметкерлер ардагерлердің үйлерінде абаттандыру жұмыстарын
жүргізіп, тұрмыстық істерде нақты көмек көрсетті.