Фабио Каннаваро:

«Әрине, әлем чемпионатына алғаш рет қатысу оңай болмайтыны белгілі. Жеребе нәтижесі шыққаннан кейін Колумбия мен Португалияны көріп, бізді өте қиын топ күтіп тұрғанын түсінген едік.

Колумбияға қарсы ойыннан кейін де командамды мақтан тұтатынымды айтқанмын, бүгін де командаммен мақтанамын. Өйткені мен оларды көрдім. Иә, олар қиындықтарға тап болды, бірақ бір секунд та берілмеді.

Әрине, барлық шептерінде жоғары деңгейлі ойыншылары бар командаға қарсы ойнау әрқашан қиын. Күмәнсіз, олар алаңға өте үлкен мотивациямен шықты. Бірақ айтқанымдай, бұл әлем чемпионаты біз үшін тәжірибе».

Элдор Шомуродов:

«Ең алдымен, бұл турнир Өзбекстан футболы үшін өте үлкен тәжірибе болып жатыр. Біз қанша жерден жеңілсек те, осының арқасында Өзбекстан көп нәрсе ұтты деп ойлаймын. Соған қарамастан, ірі есеппен жеңілгеніміз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.Бүгінгі нәтиже (Колумбия – Конго кездесуі нәтижесі) бойынша үшінші турда соңғы мүмкіндігіміз болады. Үшінші ойында әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісімізге қол жеткізуге тырысамыз.

Бізді қолдап-қуаттап тұрған барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Осындай жеңіліс үшін кешірім сұраймыз. Келесі ойындарда да қолдауды жалғастыруларыңызды сұраймыз».

Аббос Файзуллаев:

«Бүгін қорғаныста үлгермей қалғанымыздың себебі – қарсылас шабуылшыларының деңгейі өте жоғары болды. Әлемдегі ең мықты жартылай қорғау шебі бар командалардың біріне қарсы ойнадық және бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. «Мен өзбек болғанымды және осы тудың астында ұлттық құрамамыздың атынан шыққанымды мақтан тұтамын. Біз жеңілген кезде де, жеңген кезде де барымызды береміз және бүкіл ұлттық құрамамыз Өзбекстан үшін ойнайды».

Бехруз Каримов:

«Ойын алдында бапкеріміз Криштиану Роналдуды “The Best” деп сипаттады. Қарсыластың әрбір ойыншысы мықты болғандықтан, олардың әрқайсысына қатысты нұсқаулар берілді, бірақ нақты Роналдуды жабамыз деп айтылмады. Өйткені Роналдуды тоқтатсақ та, оның айналасындағы ойыншылардың өзі өте тәжірибелі».

Равшан Эрматов (УФА бірінші вице-президенті):

«Есеп 2:0 болып тұрған кезде біздің голымыз есептелгенде ғой... Сәл әділетсіздік болды. Қалай болғанда да, біз қазір даму кезеңінен өтіп жатырмыз.

Құрметті Президентіміз барлық жағдайды жасап берді. Аздап уақыт керек. Бірінші сынып оқушысы тоғызыншы сынып оқушысымен бәсекелесе алмайды. Егер біз бірінші сынып болсақ, олар тоғызыншы сынып деңгейінде.

Өзбекстанда үлкен әлеует бар. Жылдар өте келе Португалия сияқты құрамалардың өзі Өзбекстанға қарсы ойнауға қорқатын деңгейге жетеміз.

Бұл турнир біздің қай деңгейде екенімізді және қандай бағыттарда жұмыс істеуіміз керектігін көрсеткен алғашқы тәжірибе болды».