Бұл туралы «Узбекнефтгаз» АҚ мәлімдеді.
Мәліметке орай, аталған кен орнында «Узнефтгаз бұрғылау жұмыстары» ЖШҚ жүргізген бұрғылау жұмыстары күрделі геологиялық жағдайларға қарамастан сәтті аяқталды.
«Узбекгеофизика» ЖШҚ жүргізген сынақтардың нәтижесінде 4 588 – 4 708 метр тереңдік аралығындағы қабаттардан жоғары қысыммен табиғи газ ағыны алынды.
Қазіргі уақытта жаңа газды тұтынушыларға жеткізу үшін жерүсті өнеркәсіптік алаңдарын технологиялық жабдықтау, газ тасымалдау құбырлары мен желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ұңғыманы пайдалануға енгізер алдында жүргізілетін қорытынды гидродинамикалық зерттеулер де жүзеге асырылуда.