Сарай алдындағы алаңда екі мемлекеттің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.

Мемлекет басшысын Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жылы қарсы алды.

Рәсім барысында екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерімен амандасты.

Бірлескен естелік суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.