Кездесу барысында екі мемлекет басшыларының биылғы тамыз айындағы
кездесуінде белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ
Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы достық және стратегиялық серіктестік
қатынастарды энергетика саласында одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап
айтқанда, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа болашағы зор жобаларды
әзірлеуге, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы өзара іс-әрекеттерді дамытуға ерекше
назар аударылды.
Сонымен қатар, электр энергетикасы, қайта тіктелетін энергия көздері,
Орталық Азия — Әзербайжан «Жасыл энергия дәлізі», геологиялық барлау жұмыстары,
мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу және мұнайды қайта өңдеу салаларындағы
бірлескен жобалар талқыланды.
Кездесуде екі ел Президенттері Шавкат Мирзияев пен Илхам Алиев арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара сенімге
негізделген ынтымақтастық Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық
серіктестікті, соның ішінде энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастықты
одан әрі нығайту үшін маңызды негіз болып отырғаны айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Энергетика
министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Энергетика министрлігі арасында
2026–2028 жылдары энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Жол
картасына қол қойылды.
Құжатта «Жасыл энергия дәлізі» жобасын іске асыру, мұнай-газ саласында
геологиялық барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу, мұнай мен мұнай өнімдерін
жеткізу, мұнай өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, сондай-ақ SOCAR
компаниясының Өзбекстандағы қызметін кеңейту сияқты басым бағыттар белгіленді.