Мемлекет басшысы отандастармен сұхбаттасып, олардың қызметі, оқуы және болашақ жоспарларымен қызықты.
Сұхбат барысында елімізде болып жатқан жаңарулар, отандастарымыздың арман-мүдделері мен сапар аясында өтетін алдағы іс-шаралардың маңызы туралы пікір алмасылды.
Мемлекет басшысы олардың жұмысы мен оқуына табыс тілеп, Кореяда игеріп жатқан заманауи білім, дағды мен тәжірибе болашақта еліміздің өркендеуіне және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.