Бұл
туралы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі хабарлады.
Тәртіпке
сәйкес, SAT емтиханынан 1200 және одан жоғары балл жинаған
талапкерлерге қосымша
мемлекеттік грант орындары күндізгі оқу формасындағы, пәндер кешені «математика»
және «шетел тілі» болып табылатын бакалавриат бағыттары қабылдау
параметрінің 50 пайызы көлемінде бөлінеді.
Қаулыға
орай :
егер
қабылдау параметрінің 50 пайызы бүтін сан болмаса, қосымша грант орындары жоғарыға
дөңгелектенеді;
жеңілдік
тізімінен өтуде «математика» және «шетел тілі» пәндерін таңдаған әрі 2026
жылғы 25 маусымға дейін ( сол күні де) DI-код арқылы SAT сертификаты
Білім және біліктілікті бағалау агенттігіне жеткізілген талапкерлер пайдалана
алады;
қосымша
мемлекеттік грантқа іріктеу кезінде негізгі өлшем ретінде SAT сертификатындағы
балл есепке алынады;
талапкерлер
таңдаған беске дейінгі жоғары оқу орны мен білім беру бағытына SAT балдарының
қатаң реті бойынша ұсынылады;
егер
қосымша гранттың соңғы орнына ұсынылған талапкермен кейінгі талапкер(лер)дің
SAT балымен тең болса, олар да студенттікке ұсынылады;
SAT
сертификатына ие талапкерлер аталған жеңілдікті пайдалану немесе тест
нәтижелері негізінде жалпы тәртіппен конкурсқа қатысу тәсілдерінің бірін өз
бетінше таңдай алады;
SAT
арқылы таңдалған бес бағыттың ешқайсысына ұсынылмаған талапкерлер үшін бос
қалған қосымша грант орындарына қабылдау нәтижелері жарияланғаннан кейін бір
апта өткен соң, тағы бір апта бойы қайта тіркелу мүмкіндігі беріледі;
Білім
мен дағдыларды бағалау агенттігінің жазбалары аталған талапкерлерді студент
қатарына қабылдау жөніндегі тиісті құжаттарды рәсімдеуге негіз болады.