Қаланың негізгі қиылыстары мен орталық көшелерінде
интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықталған 15 жол қозғалысы
бақылаушы-роботы қызмет атқаруда. Олар туристерге бағыт-бағдар көрсетеді, жол
қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалайды және көлік ағындарын реттейді.
Қытай робототехника саласын белсенді түрде дамытып,
ақылды роботтарды көлік жүйесіне, өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына және
қалалық инфрақұрылымға енгізіп келеді. Мемлекет робототехниканы экономикалық
және технологиялық дамудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырып,
автоматтандыру мен жасанды интеллект технологияларына басымдық беруде.
Бұған дейін Қытайда жоғары қауіпті аймақтарда жұмыс
істеуге арналған, интеллектуалды технологиялармен жабдықталған жаңа арнайы
роботтар класы іске қосылды, деп хабарлаған Kazinform.
Қытайлық робототехника жасаушылары адамға ұқсас
машиналарды тәжірибелік тұрғыдан қолдануға ерекше мән беріп отыр. Олар назарын
визуалды көріністерден күнделікті тұрмыстық міндеттерді орындауға аударуда.
Роботтардың техникалық базасы айтарлықтай дамығанымен, олардың «интеллекті» әлі
де жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Тіпті адамдар үшін қарапайым саналатын
бөлмені тазалау, ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу немесе кір жинау сияқты жұмыстар
роботтар үшін әлі де күрделі міндет болып саналады.