Осы мақсатта Хорезм облысындағы «Бунёд йўловчи
ташиш» ЖШҚ 30 заманауи «ZHONGTONG» маркалы автобус сатып алып, аумаққа әкелінді.
Нәтижесінде жыл басынан бері облысқа жеткізілген
жаңа автобустардың жалпы саны 90-ға жетті.
Заманауи автобустарды жақын күндері Үргеніш
қаласының қалалық автобус бағыттарына брутто-келісімшарт негізінде шығару жоспарланып
отыр.
Жаңа автобустардың бағыттарға шығарылуы
жолаушыларға барынша қолайлы, қауіпсіз әрі сапалы көлік қызметін көрсетуге,
сондай-ақ қоғамдық көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.