Сұхбат басында Беларусь басшысы Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, мемлекеттік қызметінде жаңа табыстар, ал Өзбекстанның көпұлтты халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Тараптар Өзбекстан Президентінің биылғы 8–9 шілде күндері Минск қаласына жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Әртүрлі деңгейдегі нәтижелі байланыстардың жалғасып жатқаны атап өтілді. Өзара тауар айналымының көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Басым бағыттар бойынша кооперациялық жобалар жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасулардың қарқынды дамуын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.