Сербия Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметінде толағай табыстар, ал Өзбекстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Әңгімелесу барысында Өзбекстан мен Сербия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Өткен жылдың қазан айында Сербия Президентінің Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сауда-экономика, инвестиция, инфрақұрылым, мәдени-гуманитарлық сала, сондай-ақ туризм мен ұйымдастырылған еңбек көші-қоны бағыттарындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту маңызды екені атап өтілді.

Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралардың жоспары, атап айтқанда, Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысын өткізу және Өзбекстан делегациясының Белград қаласында өтетін EXPO-2027 халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері қарастырылды.