«Сіздерге қуанышты жаңалықты жеткізгім келеді: бүгіннен бастап Өзбекстанда Apple Pay және Google Pay төлем қызметтері іске қосылды», — деп жазды ол.

Аталған қызметтерді енгізу Өзбекстанның халықаралық цифрлық төлемдер экожүйесіне интеграциялануындағы маңызды қадам болды.

Бұған дейін Саида Мирзияева Google компаниясының вице-президенті Каран Бхатиямен кездесуде халықаралық төлем жүйелерін пайдалану үшін қажетті құқықтық және технологиялық жағдайлар жасау мәселелерін талқылаған болатын.

Apple Pay және Google Pay қызметтері азаматтар мен шетелдік қонақтарға смартфон арқылы контактісіз төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл күнделікті есеп айырысуды жеңілдетуге, қолма-қол ақшаға деген қажеттілікті азайтуға және туристер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Сонымен қатар халықаралық цифрлық төлем қызметтерінің іске қосылуы Өзбекстанның жаһандық технологиялық ынтымақтастыққа қатысу аясын кеңейтуге және цифрлық төлем инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.