«Ватандошлар» қоғамдық қоры мен «Миллий тикланиш»
демократиялық партиясы, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен жауапты ұйымдардың
бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатқан ағартушылық жобаға Катар, Италия,
Нидерланд, АҚШ, Грекия, Ресей, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстан және басқа да жалпы 14 мемлекеттен келген отандастарымыздың 7 жастан
14 жасқа дейінгі шамамен 250-ге жуық отандастарымыздың баласы қатысуда.
«Бір Отан, бір ұлт, бір жүрек» ұранымен ұйымдастырылған бұл жоба биылғы жылдың
22 шілдесі мен 3 тамызы аралығында Ташкент облысындағы «Жаңа Өзбекстан» балалар
жазғы сауықтыру лагерінде өткізілуде.
Жобаның негізгі мақсаты – шетелде
тұратын жас отандастарды Өзбекстанмен жақыннан таныстыру, олардың рухани
байланыстарын нығайту, ұлттық құндылықтарға, өзбек тілі, тарихы мен мәдениетіне
қызығушылығын арттыру, сондай-ақ түрлі мемлекеттерде тұратын жас отандастар
арасында достық пен ынтымақ атмосферасын қалыптастыру болып табылады.
Бағдарлама барысында қатысушылар белгілі балалар жазушыларымен, мемлекет және
қоғам қайраткерлерімен, депутаттармен, жастар жетекшілерімен ашық кездесулерде,
сондай-ақ «Әскери-отансүйгіштік» тақырыбында әскери қызметкерлермен
кездесулерге қатысады. Сонымен қатар, Жаңа Өзбекстанның заманауи келбетін,
ұлттық армияның дәстүрлерін және Отанды қорғау идеясын таныстыру мақсатында
әскери қызметкерлердің қатысуымен көрнекі көрсетілімдер мен әскери оркестрдің
концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ балалар үшін ұлттық спорт ойындарының көрсетілімі, өзбек тілі бойынша
шеберлік сабақтары, Жастар парламенті мүшелерінің қатысуымен «Балалар
парламенті» моделі, диктанттар мен пікірсайыстар, балалар құқықтарына арналған
таныстырылымдар, шығарма байқаулары, кітап оқу іс-шаралары, ұлттық қолөнер мен
өзбек ұлттық тағамдары бойынша шеберлік сабақтары, ұлттық құндылықтар фестивалі
мен ұлттық би кештері, шахмат гроссмейстерлерімен кездесулер мен жарыстар,
«Заковат» инттелектуалдық ойыны, ағаш отырғызу экологиялық акциясы,
шығармашылық байқаулар, «Бір Отан, бір ұлт, бір жүрек!» тақырыбындағы
флешмобтар, сондай-ақ өзбек тіліндегі фильмдер мен мультфильмдердің көрсетілімі
және шебер аспаздардың қатысуымен нан мен самса сейілі өткізіледі.
Бағдарлама аясында бір мезгілде 250 қатысушының қатысуымен «Жаппай диктант»
жобасы да өткізіледі. Бұл жоба шетелде тұратын жас отандастардың мемлекеттік
тілді меңгеру сауаттылығын арттыруға, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі
мен құрметін нығайтуға, сондай-ақ өзбек тілінде еркін әрі сауатты жазу
дағдыларын дамытуға қызмет етеді.
Лагерь бағдарламасында өзбек тілін үйрену мен насихаттауға арналған тағы
бірқатар іс-шаралар да қамтылған. Атап айтқанда, «Өзбекше 24/7» челленджі,
«Өзбекшесі бар ғой!», «Қатесіз жаз», «Таза өзбек тілінде» акциялары, өзбек тілі
бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Өз тілім – өз болмысым» тақырыбындағы
пікірсайыстар ұйымдастырылады.
«Анор» жобасы – шетелде тұратын жас отандастардың Өзбекстанмен рухани
байланысын нығайтатын, әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан ұрпақты
ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіне бірлестіретін ауқымды ағартушылық жоба.
Бұл жоба – Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен
қалыптасқан жаңа жанасудың, яғни әлемнің қай түкпірінде өмір сүрсе де, әрбір
отандасқа көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге және оларды ортақ Отан идеясы
төңірегіне біріктіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.
Бүгінде шетелде тұратын өзбектер тарихи-мәдени
мұрамыздың жалғастырушылары ғана емес, сонымен қатар Өзбекстанның әлемдегі
рухани елшілері ретінде де мойындалуда. Осы игі мақсат жолында «Ватандошлар»
қоғамдық қоры мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы биыл алғаш рет кең
ауқымды ынтымақтастық негізінде күш біріктіріп, шетелдегі жас отандастарды
қолдауға, олардың бойындағы ұлттық мақтаныш пен Отанға деген жанашырлық сезімін
күшейтуге бағытталған осы жобаны жүзеге асырып отыр.
Айта кету керек, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы өзінің 2025–2029
жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында шетелдегі отандастардың мүдделерін
қорғауды, олармен байланысты нығайтуды және Өзбекстанның ұлттық құндылықтарын
әлемге кеңінен насихаттауды маңызды міндеттердің бірі ретінде белгілеген.
Сондықтан бұл ынтымақтастық екі ұйымның жай ғана бастамасы емес, шетелдегі жас
отандастардың ұлттық болмыспен, ана тілімен және рухани тамырларымен байланысын
одан әрі нығайтуға бағытталған игі бастама.
Жоба қорытындысында «Ватандошлар» қоғамдық қоры мен «Миллий тикланиш» демократиялық
партиясы Орталық Кеңесі басшыларының жоба қатысушыларымен ашық кездесуі
ұйымдастырылады. Сондай-ақ олар қатысушылармен бірге өзбектің ұлттық тағамы –
палау әзірлейді. Бұл шараға белгілі аспаз Бахриддин Чустий де қатысады.
Бағдарламаның соңында басшылар мен жоба
қатысушылары лагерь аумағында бірлесіп «Отандастар бағы» саябағын құрады.Сондай-ақ,
жоба аясында өткізілген 10-ға жуық байқауда жеңімпаз атанған әрі белсенді
қатысқан жас отандастар лайықты марапатталады.