Өзбекстан
ардагерлерінің әлеуметтік белсенділігін қолдау жөніндегі «Нуроний»
қорының Қамқоршылық кеңесі «Меҳнат фахрийси» төсбелгісімен марапаттау
туралы қаулы қабылдады.
Қаулы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28
желтоқсандағы ПЖ–4906-санды
Жарлығы
мен 2017 жылғы 14 шілдедегі ПҚ–3133-санды
қаулысының
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Құжатқа
сәйкес, экономика, өндіріс, ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, заң
саласы және басқа да бағыттарда ұзақ жылдар бойы адал әрі нәтижелі еңбек еткен,
сондай-ақ отбасы беріктігін нығайтуға, жас ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық әрі
жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге лайықты үлес қосқан бір топ азамат «Меҳнат
фахрийси» төсбелгісімен
марапатталады.
Қаулыда марапаттау рәсімін салтанатты түрде өткізу,
оған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларын қатыстыру, сондай-ақ
іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау жөнінде жауапты
мекемелерге тиісті міндеттер жүктелген.
Сонымен қатар «Нуроний» газетінің арнайы
санында «Меҳнат фахрийси — 2026» төсбелгісімен марапатталғандардың толық
тізімін жариялау, ал шешім мәтінін республикалық басылымдардың электрондық
платформаларында жариялау ұсынылған.
Аталған шешімнің орындалуын бақылау «Нуроний»
қоры республикалық басқармасының төрағасына жүктелді.
«Меҳнат фахрийси» төсбелгісімен
марапатталған барлық отандастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!