Президентіміз баланың өтінішін көріп, оның шынайы тілектеріне ризашылығын білдіріп, Мухаммадалиге алғыс хатын жолдаған.

Аталған хат пен Президент сыйлықтары Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде салтанатты түрде табысталды.

Іс-шара барысында Жоқарғи Кенгес төрағасы Аманбай Орынбаев Президентіміздің шынайы ықыласпен жазылған хатын оқып берді.

Сондай-ақ Мухаммадалиге, оның ата-анасына және өзі тәрбиеленіп жатқан мектепке дейінгі білім беру ұйымына Президент сыйлықтары табысталды. Ал баланың тәрбиешісі Гүлбаһар Сапароваға Жоқарғы Кеңгес Президиумының қаулысымен «Ватан фидойиси» төсбелгісі берілді.