Аталған жоба өнеркәсіп салаларында «жасыл» энергияны пайдалану ауқымын кеңейтуге, өндірістік үдерістердің энергиямен қамтамасыз ету тұрақтылығын нығайтуға және дәстүрлі энергия ресурстарына деген қажеттілікті азайтуға ерекше маңызға ие.

Қытайдың «Синома» компаниясы тарапынан тікелей шетелдік инвестициялары есебінен жүзеге асырған жобаның жалпы құны 220 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында жалпы қуаты 300 МВт болатын күн фотоэлектр станциясы, сондай-ақ қуаты 75 МВт және энергия сақтау сыйымдылығы 75 МВт·сағ болатын энергия сақтау жүйесі салынды.

Ең бастысы, аталған күн фотоэлектр станциясы «Навоиазот» АҚ-на тікелей қосылған. Соның нәтижесінде өндірілетін «жасыл» энергия тікелей кәсіпорынның қажеттіліктеріне бағытталады. Станция жылына 657 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіруге қауқарлы.

Бұл өз кезегінде ірі өнеркәсіп кәсіпорнының энергиямен жабдықтау жүйесіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға, жыл сайын шамамен 175 млн текше метр табиғи газды үнемдеуге және атмосфераға шығарылатын карбонат ангидрид көлемін 377,8 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Энергетика министрі Шерзод Ходжаев аталған нысанға барып, күн фотоэлектр станциясы мен энергия сақтау жүйесінің жұмысымен, өндірістік қуаттарымен, сондай-ақ «жасыл» энергияны өнеркәсіпорнына тікелей жеткізу мүмкіндіктерімен танысты.

Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерін өнеркәсіптік өндіріске кеңінен енгізуге, ірі кәсіпорынның энергиямен жабдықтау көздерін әртараптандыруға және өнім өндіру барысында қалыптасатын көміртек ізін азайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстары барысында жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және өңірдің экономикалық белсенділігін арттыруға да ықпал етуде.