Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 31-сессиясы (COP31) іс-шараларына қатысу үшін Түркияға жасаған сапары аясында өткен кездесуде «Нөлдік қалдық» жаһандық альянсының құрылғаны жарияланды.

Аталған альянс мемлекеттер мен үкімет басшыларының жұбайларының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалдықтарды азайту қағидаттарын ілгерілету бағытындағы іс-әрекеттерді біріктіруге бағытталған.

Кездесу барысында сөз сөйлеген Зироат Мирзияева шақыруы мен шынайы қонақжайлығы үшін Түркияның Бірінші ханымы Эмине Ердоғанға алғыс білдірді. Сондай-ақ оның «Нөлдік қалдық» бастамасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосып жүрген жеке үлесін ерекше атап өтті.

Өзбекстанның Бірінші ханымы альянстың құрылуын қолдайтынын білдіріп, оның аясында экологиялық білім беруді дамытуға, жастар ұсынған экологиялық жобаларды қолдауға және оларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.