Кездесу басында министр Өзбекстан басшысына Король Салман бен Абдулазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен кең ауқымды серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Әңгімелесу барысында соңғы жылдары екіжақты байланыстардың қарқынды дамып, ауқымды жобалар портфелінің қалыптасқаны, олардың басым бөлігі «жасыл» энергетика саласына тиесілі екені атап өтілді.
Кездесуде мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі және басқа да басым бағыттардағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, нақты практикалық ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.