Кездесуде климаттың өзгеруін бақылау, экстремалды ауа райы құбылыстарына төзімділікті арттыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен гидрометеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту, ауа райын бақылау жүйелерін жетілдіру және деректер алмасу бағыттарында көп жылдан бері нәтижелі ынтымақтастық орнатылғаны атап өтілді.

Атмосфераны бақылау, құмды және шаңды дауылдарды болжау, сондай-ақ ауа сапасын қамтамасыз ету салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу соңында климат күн тәртібінің басым бағыттары бойынша практикалық әріптестікті кеңейтіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендігі айтылды.