Атап
айтқанда, Қоқыстарды басқару және циркулярлық экономиканы дамыту агенттігінің
өкілдері бірқатар ірі халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшыларының
қатысуымен кездесулер өткізіліп, қоқыстарды басқару саласында Орталық Азия
елдері мен шетел мемлекеттерінің бірлескен іс-әрекеттерінің маңыздылығына
ерекше назар аударылды.
Осы
орайда, жүргізілген кездесулер нәтижесінде Қоқыстарды басқару және циркулярлық
экономиканы дамыту агенттігінің директоры Шарифбек Хасанов және Сауд
Арабиясының “VISION INTERNATIONAL INVESTMENT COMPANY” Президенті Омар Алмидани
және Францияның “SUEZ INTERNATIONAL” компаниясының Еуропа және Орталық Азия
бойынша бас директоры Сильвере Делаунай арасында келісімге қол қойылуына (Head
of Terms) қол жеткізілді.
Аталған
жоба қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты көздейді және
оның жалпы құны 78 миллион АҚШ долларын құрайды.
Айта
кету керек, 100-ден астам елден келген 10 мыңнан аса делегат пен қатысушыны
біріктірген форумның халықаралық беделі жылдан-жылға артып келе жатқанын
көрсетті. Сонымен қатар, бұл шара елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға
халықаралық қауымдастықтың сенімі нығайып отырғанының айқын дәлелі болды.