Өзіме жолданған бұл құттықтаулар мен ақжарма тілектерді, ең алдымен, көпұлтты халқымыз бен мемлекетімізге деген зор құрметтің, сондай-ақ Жаңа Өзбекстанның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан беделі мен абыройының айқын көрінісі ретінде қабылдаймын.
Осы сәтті пайдалана отырып, кеңпейіл әрі асыл қасиетті халқымызға тағы да шексіз сүйіспеншілігім мен зор құрметімді білдіремін.
Туған Отанымызда еркін, бақуатты әрі көркейген қоғам құруға бағытталған реформаларды қолдап, оларды жүзеге асыруға белсене атсалысып жүрген көпұлтты халқымыздың ақыл-парасаты мен жанқиярлық еңбегінің арқасында алдымызға қойған биік те мәртебелі мақсаттарға міндетті түрде жететінімізге кәміл сенемін.
Шавкат Мирзиёев,
Өзбекстан Республикасының Президенті