Кездесу барысында Өзбекстан мен Корея Республикасы арасындағы ерекше стратегиялық серіктестік қатынастардың қазіргі жай-күйі мен болашағы талқыланып, сондай-ақ цифрлық трансформация, жасанды интеллект технологияларын енгізу, электрондық үкімет жүйесін жетілдіру және осы саладағы заңнаманы дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Климаттың өзгеруі салдарынан туындап жатқан табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел әрекет ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта Корея тәжірибесі негізінде төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты эвакуациялау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған цифрлық технологияларды аумақтар мен махаллалар деңгейінде енгізу мүмкіндіктері жайлы да айтылды. Сонымен қатар, жергілікті Кеңестер депутаттарының іс жүзіндік жобаларды жергілікті жерлерде тиімді жүзеге асырудағы маңызы атап өтілді.

Әңгіме барысында еліміздегі корей диаспорасының екі халық арасындағы достық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ 2027 жылы корей диаспорасының Өзбекстанда өмір сүріп келе жатқанына 90 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіні айтылды.

Кездесу қорытындысында тараптар парламентаралық және аумақаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту арқылы өзара тиімді бастамалар мен жобаларды қолдауға, сондай-ақ іс жүзіндік серіктестікті жүйелі түрде жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.