Оқу курсы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымының көмегімен біріншілікті медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жұмыс істейтін медбикелердің ісін жетілдіру және дамыту мақсатында сырдариялық бас медбике мен медбикелер үшін медбикелік ісінің “Әмбебап прогрессивті моделін” іс жүзіне енгізу, сондай-ақ 2021 жылғы 1 июньнен сынақ тәжірибе жобасы аясында Сырдарияға енгізіліп жатқан мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты істер, оны практикаға енгізу механизмдері, сондай-ақ тұрғындардың салауатты тамақтануын қамтамасыз етуде іске асырылуы қажет болған істер туралы болады.
Оқу курсын Ташкент дәрігерлердің білімдерін жетілдіру институтының білікті оқытушылары, сондай-ақ жуырда медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша Ташкентте бір айлық білім жетілдіру курсын бітіріп келген, Сырдария облысы денсаулық сақтау басқармасының үш қызметкері, яғни жергілікті тренерлер жүргізуде.
Аталмыш оқу курсына қалалық және аудандық медициналық бірлестіктерінде жұмыс жүргізіп жатқан 25 орта медицина қызметкерлерінен тренерлер таңдап алынды. Олар оқу курсы барысында медбикелік ісінің жаңа “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша өз білімі мен тәжірибелерін арттырады. Аталмыш оқу курсын бітірген соң өздері жұмыс істеп жатқан қала немесе аудандық медициналық бірлестіктерде бір айлық оқу курсын ұйымдастырып, медициналық бірлестіктерде жұмыс істеп жатқан медбикелерге медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша түсінік береді. Оны іс жүзіне енгізу механизмдерін үйретеді.
Бір сөзбен айтқанда, Сырдарияда жаңадан, тәжірибе сынақ түрінде енгізілген мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі сынды біріншілікті жүйеде ана және балалармен жұмыс істеу бойынша, медициналық қызметтің жаңа түрі, медбикелердің “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша істеу тәртібі Сырдарияда жолға қойылады, деп хабарлайды Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сырдариялық медбикелер жаңа — “ Әмбебап прогрессивті модель бойынша” оқытылады
Сырдариядағы медбикелер үшін бір айлық оқу курсы ұйымдастырылды.
2026 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығына Наванетхем Пиллэй лайық деп танылды
- Өзбекстандық студенттер Google Gemini AI Plus қызметін бір жыл тегін пайдалана алады
- Бәсекелестік комитеті несие төлемдері бойынша Орталық банкке ұсыныс жолдады
- Қарияларға пойыз билеттеріне 20 пайыздық жеңілдік беріледі
- Өндірісті роботтандыру деңгейі ең жоғары елдер қайсы?
- Демалыс күндері республиканың бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
Оқытушы мен тәлімгерлер күніне орай білім-тәрбие жүйесінде ерекше үлгі көрсеткен қызметкерлердің бір тобын марапаттау туралы
- Өзбекстан Президенті Ресей Президентін Мемлекеттік дума сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
- Президент«Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасын жаңа кезеңге шығаруды тапсырды
- Президент білім беру саласындағы реформалармен танысты
- Президент аграр саладағы субсидия мен сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен танысты
- Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы жобалардың жай-күйімен танысты